Сапасыз интернет ұсынған операторларға айыппұл салынады

29 октября, 15:58

Фото: 24.kz

Енді тұрғындарға сапасы төмен интернет ұсынған операторларға айыппұл салынатын болады. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде айтылды.

Алматы, NEGE. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, елде «Байланыс бар» сервисі енгізіліп жатыр. Осы қызмет арқылы ұсынылған интернеттің сапасы туралы ақпаратты бірден министрлікке жіберуге болады. Ал, сапа оператор уәде еткен деңгейден төмен болғаны анықталса, онда төмен қызмет көрсеткені үшін операторларға айыппұл салынбақ. «Бұл қазіргідей 100 АЕК емес, одан бірнеше есе жоғары болады»,- деді министр. Бір қызығы, бұл жобаны бизнес өкілдерінің өздері ұсынып отыр екен. Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: - Интернет жоқ болса, біз оны картаға қойып, оның жоқ екенін анықтап алуымыз керек. Мүлде интернет жоқ ауылдар бар біздің картада. Біз айтқан ол сапа. Сол сапаны арттыру үшін «Байланыс бар» сервисін іске қостық.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации