Петропавлда жарылыс: бір адамның жағдайы өте нашар, екеуі ауыр халде жатыр

22 февраля, 15:49

Фото: kaztag.kz

Петропавлдағы газ жарылысынан кейін бір адамның жағдайы өте нашар, екеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ.

Петропавл, NEGE. «Көпсалалы қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде 20 жасар қыз бала жатыр, облыстық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөлімінде 1997 жылы туған екі ер адам ауыр халде жатыр», - деп хабарлады дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабарда нақтыланғандай, 22 ақпан күні таңғы ақпар бойынша көпсалалы қалалық ауруханаға 12 адам түскен.
«24 жасар ер адам көз жұмды, алты адам амбулаторлық ем алуға жіберілді, қалғаны ауруханада емделуде. Балалар облыстық ауруханасында жағдайы орташа ауыр 10 жасар бала жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Еске салсақ, 21 ақпанда Петропавлда газ баллоны жарылған еді, соның салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. ТЖ нәтижесінде ауруханада бір ер адам көз жұмды, үйіндінің астынан мерт болған әйелдің денесі де табылған. ҚР ҚК 292 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации