Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі

17 октября, 20:49

Фото: ғаламтордан

 Павлодар облысында 18 қазаннан бастап бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі. Қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары және азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқартылады.

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтқанда, бұл нысандардың жұмысы екі сағатқа қысқартылады, яғни, сағат түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Бұл ережелер облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрініс тапты. Құжат аясында қызмет көрсету салаларының нысандарының жұмыс режимі өзгертілді. Сауна, монша, сұлулық салондары мен шаштаразтардың ғимараттары 30 процентке ғана толуы шарт. Қаулы аясында жексенбі күні қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады. Яғни автобустар мен трамвайларда кешенді дезинфекциялық жұмыстар атқарылмақ.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев: "Қаулы аясында демалыс күндері сауда орталықтары, жабық азық-түлік дүкендері мен өзге де сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Сонымен қатар бір күнге қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Аймақта коронаирустық инфекцияға қатысты жвағдай тұрақты, аздаған өсім бар. Бірақ шектеу шараларын енгізу қажет етіледі" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации