ОСК жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеді

14 января, 13:36

Фото: ғаламтордан

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің 7-шақырылған депутаттарын тіркеді.

Алматы, NEGE. Заң шығарушы орган құрамына енген 3 саяси партия өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған 9 депутат тиісті куәлік пен төсбелгіге ие болды. Сайлау қорытындысы бойынша хаттама бірнеше күн бойы дайындалып, комиссия қарауына ұсынылған. Сөйтіп, ұзын-саны 107 депутатты тіркеу жөнінде арнайы қаулы қабылданды. Сайланған мәжілісмендердің 75-і – алғаш рет депутаттық мандатқа ие болғандар. Яғни төменгі палата 70 процентке жаңарды деуге болады. Барлық партия тізімдерінде әйелдер квотасын сақтауға тырысқан. Мәселен, «Nur Otan» өзіне тиесілі мандаттың 32 процентін әйелдерге берген. AQ JOL-да бұл көрсеткіш – 17, ал Қазақстан халық партиясында 20 процентке орындалған. Жалпы Мәжілістегі депутаттардың орташа жасы - 49.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации