«Күйеуімнің ойнасы бұрынғы әйелі екен»

14 января, 16:06

Фото: b17.ru

26 жасында төрт ай жүрген, бұрын үйленген жігітке тұрмысқа шыққан әйел Сырласу журналына жан сырымен бөлісті. Босағаның оң жағында отырып қалған соң, ойлана келе “жақсы жігіт қой, сүйіп кетермін” деген оймен тұрмысқа шығуға келісім берген. Әрине, оның өзіне дейін әйелі болғанын білсе де, оған аса мән бермеуге тырысқан, деп хабарлайды syrlasu.kz.

Алматы, NEGE. «Мен расымен де оның жанында өзімді бақытты сезіндім. Ол да сондай сезімде деп ойлап жүрдім. Алайда қатты қателескен екенмін.

Күні кеше ғана жұбайымның бұрынғы әйелімен ойнас болып келгенін білдім. Ең сорақысы, оны маған әлгі әйелдің өзі келіп айтты. Онысымен мені өмірлерінен кетірмек болыпты. Ал мен өзімнің жүкті екенімді айтуға мәжбүр болдым. Оны жан-жарымның өзі де білмейтін. Мұндай жаңалықтан кейін қуанышты хабарымды оған қалай айтамын? Тіпті, өмір сүргім келмей қалды.

Күйеуім жұмыстан келген бетте оған көңілдесінің барын білетінімді айттым. Ол болса, бұрынғы әйелімен тек бір рет болғанын айтып, барынша ақталуда. Қанша кешірім сұраса да, оны кешіре алмайтын сияқтымын. Бәрінен бұрын іштегі баламды аяймын. Оны әкесіз өсіргім келмейді. Бірақ мұндай сұмдықты қалай көтеремін. Қойнымда жатқан жарымның өзгеге барып жүргенін мүлде сезбей келіппін», – дейді кейіпкеріміз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации