Қостанай облысында карантин 7 желтоқсанға дейін созылады

29 ноября, 11:24

Фото: ғаламтордан

Қостанай облысында карантин шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Алматы, NEGE. 16 қарашадан бастап Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізілген болатын. Облыстық жедел штабтың шешімімен жабық спорт объектілерінің жұмысына тыйым салынды.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарына шектеу енгізілді, атап айтқанда, 1 үстелге 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, ал тағамды жеткізу қызметіне сағат 22:00-ге дейін рұқсат етілді.

Бассейндердің жұмысына тыйым салынып, монша мен сауна 09-19.00 арасында ғана істейді. Санаторий мен демалыс базаларының жұмысы тоқтатылған. Демалыс және мереке күндері автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшек сататын дүкендер істемейді. Медициналық-әлеуметтік сала объектілерінің жұмысы карантин режиміне көшірілді.

Балалар секциясы, үйірмелердің қызметіне тыйым салынып, профилактикалық егуді қоспағанда, медицина-санитария алғашқы көмек көрсету ұйымдарында жоспарлы скрининг пен профилактикалық тексеру жасауды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации