Коронавирустың жеңіл формасымен ауырғандар да емханаға жатқызылады

28 января, 13:15

Фото: ғаламтордан

Алматыда коронавирустың кез келген формасымен ауыратын науқастар ауруханаға жатқызылатын болады. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысынан белгілі болды.

Алматы, NEGE. "Коронавирустық инфекцияның барлық түрлерімен ауыратын науқастарды міндетті түрде госпитализациялау", - делінген жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралар 1 ақпаннан бастап күшейтілді. Бірқатар нысандардың қызметіне шектеулер енгізілді. Сонымен қатар, сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді. Театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тағы тыйым салынды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации