Көлгінов: Дәмханадағы жарылыстан қайтыс болған қыздың отбасына көмек көрсетіледі

21 ноября, 16:20

Фото: Instagram

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі.

Алматы, NEGE.Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым", - деді қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации