Қызылорда: Шалғай ауылдарда мал шаруашылығы дамып жатыр

31 октября, 20:22

Фото: google.com

Қызылорда облысының шалғай ауылдарында мал шаруашылығы жаңа қарқынмен дамып жатыр.

Алматы, NEGE. Бүгінде өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінде мал шаруашылығының үлесі шамамен 40% құрайды.

Осы ретте шалғайдағы мал шаруашылығы да жақсы қарқынмен дамуда. Бұл бағытты дамытудағы негізгі мәселе - шалғай елді мекендерде жайылымды сумен қамтамасыз ету.

Сондықтан оларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін алғашқы кезекте облыста 2,5 мыңға жуық құдық, ұңғыма және басқа да суаратын нысандарға түгендеу жүргізілді. Сол бойынша пайдаланылмайтын жайылым алқаптарында жөндеуді қажет ететін 452 су көзі анықталды. Осы міндетті шеше отырып жайылымдық жер көлемін арттырып, мал басын айтарлықтай көбейтуге болады.

«Өңірде 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша 352,6 мың мүйізді ірі қара, 761,9 мың қой мен ешкі, 153,8 мың жылқы, 53,2 мың түйе және 124,8 мың құс тіркелген. Облыста 3500-ге жуық құрылым ата кәсіпті өркендетіп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға биылжергілікті бюджеттен 2 432,1 млн теңге қаралған. Қазірге дейін 700-ден астам шаруашылыққа тиісті субсидия төленді. Облыста бордақылау алаңының саны арта түсті. Мұндай жұмыспен айналысатын 20 орын тіркелген. Онда 12 мың бас мүйізді ірі қараны бордақылауға мүмкіндік бар», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Облыста аграрлық саланы дамыту мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жалпы сомасы 10 млрд теңгеден асатын 33 жоба іске асырылуда. Оның ішінде қуаты 8,4 мың тоннаны құрайтын сүт-тауар фермасы, жылына 5 мың тонна ет өндіре алатын комбинат салу жоспарланған. Оған қоса жылына 130 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін және пастерленген сүт өнімдерін өндіру секілді өзге де жобалар бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации