Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

18 октября, 10:24

Фото: baq.kz

Елімізде тағы 5 адам коронавирустан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Алматы, NEGE. "Қазіргі таңда 2 613 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда - 2 012 науқас, амбулаторлық деңгейде - 601 науқас бар. 81 адамның жағдайы ауыр, 13 науқас аса ауыр дәрежеде, 13 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды. "Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации