Қазақстанда доллар қымбаттады
14 января, 13:15

Қазақстанда доллар қымбаттады.
Алматы, NEGE. KASE қор биржасындағы мәліметтерге қарағанда, доллар 0,80 теңгеге қымбаттады. Таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 419,90 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 421,48 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 420,94 теңгеден сатылып жатыр.