Қайсар Табынов екінші рет вакцина алды

22 ноября, 15:11

Фото: google.com

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алды. 

Алматы, NEGE. «Бүгін зертхана жануарларын кезекті иммундау үшін COVID-19-ға қарсы NARUVAX-C19/Nano вакцинасы үлгісін әзірледік. Өзім үшін мүлдем тосыннан аталған вакцинаның қалғанын өзіме салу шешімін қабылдадым. Мұндай жақсы дүние (20 мкг Spike/RBD тиін) кәдеге жарамсыз қалмауы керек қой. Менде IgA (секрециялық) антиденесін қалыптастыра ала ма екендігін білу қызықты болып тұр. Ол жалпыға танылған IgG, IgM антиденелеріне қарағанда тыныс алу органдарының шырышты қабыршағындағы COVID-19 вирусын жоюға және сол арқылы инфекцияны жібермеуге қабілетті», – деп жазды Қайсар Табынов Facebook парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации