Ғалымдар қартаюды баяулатудың әдісін тапты

20 ноября, 16:45

Фото: ғаламтордан

Израиль ғалымдары адамдардың биологиялық қартаю процесін баяулатудың әдісін тапты.

Алматы, NEGE. Олардың зерттеу нәтижелері Aging ғылыми журналында жарияланды. Адам ағзасының қартаю процесінде теломерлер қысқарады. Яғни адамның жасы ұлғайған сайын, аурулары көбейген сайын теломерлер қысқарады. Генетика саласындағы көптеген зерттеушілер теломерлердің өсуін қалпына келтіру және қартайған жасушаларды жою жолдарын іздеуге тырысуда.

Тель-Авив университетінің ғалымдары мұндай нәтижеге гипербариялық оксигенация немесе жоғары қысым жағдайында оттегі терапиясын қолдану арқылы қолжеткізе алды. Олар егде жастағы адамдар гипербариялық барокамерасында таза оттегін алған кезде теломердің ұзындығы 20% өсетінін анықтады.

Зерттеуге 64 жастан асқан 35 адам қатысты. Олардың әрқайсысы үш ай бойы аптасына бес күн 90 минут гипербариялық барокамераға орналастырылды және сол жерде таза оттегімен тыныс алды. Экспериментті ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір зерттеуге қатысқандардың теломерлері 25 жыл бұрын болған ұзындыққа жетті. Сонымен қатар бұл терапия ағзадағы қартайған жасушалар санының 37% төмендеуіне мүмкіндік берді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации