Ескерту: еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, аяз күшейеді

23 февраля, 08:38

Фото: ғаламтордан

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде қар жауып, аяз күшейеді.

Алматы, NEGE. Әсіресе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қалың қар түседі. Ал, желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей жерлерде 30 метрге дейін жетеді. Ал, оңтүстік өңірлерде, оның ішінде, Алматы, Түркістан және Жамбыл аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. «Сынап бағанасы төмендеп, -10-15 градусты көрсетеді. Кей жерлерде -23-ке дейін жетеді», - дейді синоптиктер.

Қызылорда мен Маңғыстау облыстары да күрт салқындап, ауа температурасы -23 градусқа төмендейді. Желдің екпіні де қатты. Салдарынан аталған аймақтарда жол қозғалысы қиындауы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында да байқалады. Елордада жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетіп, аяз күшейеді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации