Бурабай ұлттық паркінің 70 гектар аумағы отқа оранды

18 октября, 17:17

Фото: inform.kz

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабында қураған шөп өртенді.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, өрт қазанның 17-де тұтанып, қатты жел оның өршіп, үлкен аумаққа жайылуына себеп болған. «Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы ттартылды. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды» деді ведомстводан. Айта кетейік, жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазіргі кезде «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации