Браконьерлерден тонналап балық тәркіленді

Атырауда жыл басынан бері браконьерлерден 1 тонна 712 келі балық тәркіленді.
Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайық өзені мен Каспий теңізінде мұз қатқалы бері бірнеше рет рейдтік іс-шара өткізілген. Мақсат – балық қорына заңсыз қол сұғушыларды анықтау.
«Полиция қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде браконьерлерден 1 тонна 712 келі қара балық тауып, тәркіледі. Заңсыз балық аулаушылардан 20 мотоцикл мен 2 автокөлік алынды. Қазір құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, «Chevrolet NIVA» қызметтік автокөлігі тоқтатылып, заңсыз ауланған 300 келі сазан тәркіленген. Көлік арнайы айып тұрағына қойылған.