Блок-бекеттер қайта орнатылып жатыр

29 октября, 15:34

Фото: zakon.kz

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның 139 жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.100 мың адамы бар елді-мекеннің көрсеткіші республикалық деңгейден асып, 683,6-ны құрады.

- Аймақтың эпидемиологиялық ахуалының нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілердің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сонымен қатар көрші мемлекеттерден жолаушылар мен жүк тасымалдарының үздіксіз келуі болды, - деді Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының үкіметімен келісе отырып, 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына блок-бекеттер орнату қарастырылады.

- Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда облыс басшылығы Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралар салдарынан барынша қорғауға тырысамыз, - деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации