Баян Мақсатқызы: Немерелерімнің «әже» дегенін қаламас едім

22 февраля, 18:22

Фото: ғаламтордан

Баян Мақсатқызы  «Без фильтров» бағдарламасында отбасылық жағдайын, күйеу баласымен ара қатынасы, өзінің қандай ене екенін айтты.

Алматы, NEGE. Баян Мақсатқызы қазақ әйелдерінің тең жартысынан көбі күйеулерінен қорқады деп санайды. Бір саты төмен тұрамыз деп, азаматтарына мойынсынып кетеді дейді. 

"Қазақ әйелдерінің түсінігін өзгерту қиын. Мен мынау дұрыс, мынау бұрыс дей алмаймын. Себебі, жартысынан көбі маған қарсы шығады. Мен ер азаматтан не себепті бір саты төмен тұруым керек? Әйелдер бағынған соң күйеулері оларды басына бастайды. Әйел өзін қалай ұстаса, күйеулері де солай қарайды. Бағына берсе, білгенін істейді. Не себепті ер адам тұзды не қасықты өзі алмайды? Ол да сондай арақашықтықта отыр. Ол да дені сау адам. Сондай дүниелерді мен түсінбеймін. Азаматты сыйлау керек, бірақ ол құл болу деген сөз емес", - деді продюсер. 

Баян ханым күйеу баласымен құдаларына ризашылығын білдірді. 

"Мен өте ақылды енемін. Күйеу баламды баламдай көремін. Балапан, балам деп атаймын. Күн сайын қал сұрасамыз. Құдаларымыз да өте мәдениетті адамдар. Бәріне ризамын. Немерелерім өмірге келіп жатса, мені әже дегенін қаламас едім. Басқаша ат ойлап тауып қойдым. Оны кейін ести жатарсыздар. Маған өз жасымды қабылдау қиын. Мен өзімді 30 жастағыдай сезінемін", - деді ол. 

Айтуынша, өзіне ақыл айтатындардың көпшілігі ақылы аз адамдар. Ақылды адамдардың менде шаруасы жоқ деген ойын айтты. 

"Маған орамал тақ, әже боласың, қысқа киім киме деп жатады. Мен ондай тар ойлайтын адамдармен сөйлесе алмаймын. Әркімнің ақылы әртүрлі деңгейді. Ақылды адамдардың менде шаруасы жоқ. Маған солармен сөйлескен ұнайды", - деді Мақсатқызы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации