Атырауда мал ұрлығы азайды

20 ноября, 13:10

Фото: ғаламтордан

Өткен жылмен салыстырғанда биыл мал ұрлығы 4,5%-ға төмендеген, деп хабарлайды ATPress.kz.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Атырау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Абай Жұмабаев Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

- Мал ұрлығының алдын алу жұмысы  тұрақты жүргізіледі. Полиция қызметкерлері халықпен кездесу ұйымдастырып, мал айдаудың, ұрланған мал етін тасымалдайтын жолдарды күзетеді. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Мысалы, бүгінгі таңда 64 факт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5% - ға аз. Ағымдағы жылы 155 бас ірі қара ұрланған, 108 – і заңды иелеріне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Абай Жұмабаев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации