Ата-аналар берілген компьютерді сындырып алудан қорқып, пайдаланбай отыр

17 октября, 13:22

Фото: ғаламтордан

Қашықтан оқу үшін берілген компьютерлерді пайдаланбай отырған ата-аналар бар. Бұл туралы Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. 

Алматы, NEGE.  Білім басқармасының басшысы бүгінде барлық оқушылар мен мұғалімдер компьютерлік техникамен қамтылғанын атап өтті. «Біздің аймақ елімізде мектептердегі компьютерлік базасы үлкен облыс болып саналады. Өңірімізде 21 мыңнан астам компьютер бар. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде 12 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ екенін анықтадық. Бірнеше баласы білім алатын отбасылар да бар. Оған қоса, 40 мыңнан астам мұғалімнің ішінде 140 ұстазда компьютер жоқ болып шықты. Соны ескеріп, компьютерлер таратып бердік. Қазір облыстық және республикалық бюджеттен компьютерлер сатып алу жүргізілуде», - деді ол. Сондай-ақ Д.Болатханұлы атап өткендей, республикалық бюджеттен алынған 1670 жаңа компьютердің барлығы оқушыларға таратылған. Алайда, берілген компьютерді пайдаланбай отырған ата-аналар да бар. «Кейбір ата-аналар жауапкершіліктен қорқып, берілген компьютерлерді пайдаланбай отыр. Сындырып алып, құнын төлеуден қорқады. Ондай ата-аналарға балаларыңыз білім бағдарламасынан қалып қоймас үшін қорықпай, компьютерлерді ашуын сұраймыз», - деді басқарма басшысы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында 4 мұғалім мен 14 оқушыдан коронавирус анықталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации