Асхат Аймағамбетов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

22 июля, 13:53

Фото: ғаламтордан

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ-ға қарасты департаменттің бұрынғы жетекшісі Анар Қайырбекованың өзіне тағып отырған айыптауларына қатысты жауап берді.

Алматы, NEGE. Шенеунік министрлік басшысын диссертациясын ауыстырып тастағаны үшін кінәләуда. 

Анар Қайырбекованың мәлімдеуінше, Аймағамбетов 2009 жылы қорғап шыққан докторлық диссертациясына он жылдан кейін өзгертулер енгізілген. 

"Бұл мәселені сот шешеді. Әрине, дәл қазір сіздердің барынша көбірек ақпарат алуды қалап тұрғандарыңызды түсініп тұрмын. Алайда, меніңше мұндай сұрақтарға жауап берудің өзі ақылға қонымсыз. Сот бұл мәселеде нүктесін қойып, тиісті шешім қабылданады. Бізде жұмыс бастан асады. Жаңа оқу жылына қарқынды түрде дайындалып жатырмыз. Біз әлі талай мәселені шешуіміз керек. Сол себепті, менің бар назарым әзірге сонда" , - деді ол. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации