Алматыда жұмыссыз адамдар арасында вирус жұқтыру артқан

19 апреля, 13:35

Фото: ғаламтордан

Алматыда жұмыссыз адамдар арасында вирус жұқтыру артқан. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті.

Алматы, NEGE. Департамент таратқан мәліметке сәйкес, жыл басынан бері қалада вирус жұқтырудың 27 730 жағдайы тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1 362,9 көрсеткіш. Соңғы тәулікте 665 адам коронавирус жұқтырды.

Тәуліктегі өсім 1,4. Медициналық бақылауда КВИ-дің белсенді 4 375 ошағы, сондай-ақ 7 006 тұрғылықты жері бойынша жақын байланыста болған және жұмыс орны бойынша 394 жақын байланыста болған адам бар. 1 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 0,5%-ға, яғни 1,3-тен 1,8%-ға дейін артты.

«Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру 9,1-ден 10,1%-ға дейін, жасөспірімдер арасында 3,0-ден 3,3%-ға дейін артты. Сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтар арасында вирус жұқтыру 23,7%-дан 24,3%-ға дейін ұлғайды», - деп хабарлады департаменттен.

Сондай-ақ департамент соңғы күндері жұмыссыз жүрген азаматтар арасында вирус жұқтыру жағдайы артқанын мәлімдеді.

«Соңғы 14 күнде коронавирус инфекциясының ең көп тіркелгені жұмыс істемейтін тұрғындар арасында - 35%-ға жетті, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері – 23%, зейнеткерлер арасында – 17%, оқушылар арасында – 6,2% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында - 4%-ға артты. Халықтың қалған санаттары арасындағы жағдайдың 0,3-тен 2%-ға дейін тіркелді», - делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации