Алматы тауларында әйелдің өлі денесі табылды

23 февраля, 13:53

Фото: ғаламтордан

Алматы тауларында әйел адамның денесі табылды.

Алматы, NEGE. «23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында 40-45 жас шамасындағы еуропа нәсілді әйелдің денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Таңертең жүгіруге шыққан ер адам әйелдің жансыз денесін тауып алып, полиция шақырған. Оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде таралып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации