Алматы облысында АН-2 ұшағы неліктен қонуға мәжбүр болғаны анықталды

26 февраля, 16:30

Фото: inform.kz

Алматы облысында АН-2 ұшанының неліктен жерге қонуға мәжбүр болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, ұшақ қозғалтқышының жұмыс істемей қалуы себепті шұғыл түрде жерге қонуға мәжбүр болған. Ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (медиктер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15​ қызметкер мен 5 бірлік техника) барды.​

Айта кетейік, осыған дейін, Боралдай - Кеген бағытындағы санитарлық рейстің мәжбүрлі түрде жерге қонғандығын хабарлағанбыз.​​

«Оқиға 2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да​ болған. Іле ауданының Боралдай кентінде «Боралдай-Кеген» бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды»,-деп мәлімдеді ресми өкіл.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации