Адам саудасына қатысты бір мыңнан астам қылмыс анықталды

22 февраля, 17:19

Фото: astana-akshamy.kz

Елімізде 2018-2020 жылдары аралығында адам саудасына қатысты 1100-ге жуық қылмыс анықталған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстанда адам саудасы құрбандарына 2016 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бірақ ол көмек тек ел азаматтарына, осында тұрғылықты тұрып жатқан шетелдік азаматтарға, қандастарға ғана беріледі. Ал елімізге бірнеше айға уақытша келген еңбекші мигранттар адам саудасының құрбаны болған жағдайда ешқандай атаулы көмек ала алмайды.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:

- БҰҰ Көші-қон комитетінің есебіне сәйкес, адам саудасымен айналысатындар жыл сайын 150 млрд доллардан астам табыс табады екен. Қазақстанда да адам саудасының алдын алу және олармен күрес жолдарын жетілдіру, сонымен қатар адам саудасы құрбандарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту үшін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мемлекеттік органдармен, дағдарыс орталықтарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп, арнаулы баяндама дайындады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации