9 өңірде ескерту жарияланды

14 января, 08:54

Фото: ғаламтордан

  Бүгін еліміздің батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, көктайғақ болады деп болжанды.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары 9 бірдей өңірге дауылды ескерту жариялады. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қалың тұман түседі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Соған сәйкес, көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Ал Жамбыл облысында бүгін қар жауады. Жел күшейеді. Дәл осындай жағдай Түркістан мен Қызылорда облыстарында да байқалады. Ал еліміздің шығыс бөлігінде аяз күшейеді дейді синоптиктер. Бұнда сынап бағанасы 33 градусқа дейін төмендейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации