55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

08 апреля, 10:34

Фото: ғаламтордан

Әнші Шахизада тұрмыс құрғанын әлеуметтік желіде хабарлады.

Алматы, NEGE. "Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым", - деп жазды әнші парақшасында.

Шахизада жолдасының  кім екенін ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын айтқан болатын. 

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации