1 ақпаннан бастап Алматыда кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады

28 января, 12:15

Фото: ғаламтордан

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемедегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батут және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

Сондай-ақ, көрмелер, форумдар, конференциялар ұйымдастыруға болмайды. Отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, өңіраралық және қалалық емес (туристік) тасымалдау қызметіне тыйым салынады.

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді. Қаулы 1 ақпанда күшіне енеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации