Жылқысын іздеуге шыққан малшы суға батып кетті

01 июля, 11:09

Фото: inform.kz

Ақмола облысының Жарқайың ауданында жоғалған жылқыны іздеуге шыққан 51 жастағы жылқышы суға батып кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Aлматы. NEGE. Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым сағат 08:30 шамасында Державинск қаласынан 15 км қашықтықтағы Есіл өзенінде ТЖД Жедел құтқару жасағы суға батып кеткен 51 жастағы жылқышының денесін іздестірді. Ер адам 26 маусым күні кешкі сағат 18:00 жайылымнан жылқы іздеуге кетіп, қайтып оралмаған. Ал маусымның 28-де өзен жағасынан оның киімдері табылған. «Маусымның 30-ы күні сағат 15:15 шамасында ТЖД іздестіру тобы өзен жағасынан 10 метр жерден суға батқан жылқышының денесін тапты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда» дейді ведомстводан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации