Желідегі жалған «құжат» news video

31 июля, 15:59

Әлеуметтік желіде Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Жасқайрат Қаировтың атынан бір құжат тарап жатыр. 

Алматы, NEGE. Аталған қағаздың тез тарауына себеп болған оған басылған бірнеше сөз. Яғни, Ж.Қаиров қол астындағыларға карантин кезінде маска режимін сақтамаған жағдайды тауып, оны тіркеуге алуды міндеттеген. Нақты санын да көрсетіпті. Мәселен, Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында – 20, елді мекендерде 10 жағдайды фото-бейне дәлелмен тіркелу керек болған.

Желі қолданушылары «бар болса тіркер, ал, жоқ болса ше?» деп бұл істің дұрыс еместігін жазып, наразылық танытуда. Екінші бір топ құжаттың жалған екенін, ешқандай қол не мөр жоғын жазып жатыр. Біз де мәселенің анығын білмек үшін құжат соңында көрсетілген нөмірге телефон соқтық. Бірақ, жауап болмады. Бұл жайында kaztag.kz агенттігі жазып, құжаттың негізсіз, фейк екенін мәлімдепті.

Кейіннен Жасқайрат Қаировтың өзі түсініктеме беріп, арнайы видео таратты. Аталған видеоны назарларыңызға ұсынамыз. 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации