Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

16 сентября, 15:16

Фото: 24.kz

Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

 Алматы, NEGE. 2013 жылғы бала Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұрады. Ол 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Шамамен сағат 15:00-де бала үйден атпен шыққан. Соңғы рет оны адамдар сағат 18:00 шамасында Көшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген. Қазір іздеуге 200-ден аса полиция қызметкері, құтқарушылар, кинологтар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер атсалысып жатыр. Іздестіру шараларына Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» «Еврокоптер» тікұшағы жұмылдырылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации