Үржар ауданында барымташылар ұсталды

16 сентября, 15:51

Фото: ғаламтордан

 Олар бір жыл бойы көрші ауылдардың малдарына қырғидай тиіп, елдің құтын қашырды.

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметтеріне қарағанда қарақшылар ұрлыққа түнде шығып, негізінен жылқы, сиырды қолды қылған. «Малды тірідей де, сойып та сатқан», – дейді полицейлер. Шығын көлемі – 3 млн теңге. Бұл қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Алтыншоқы ауылының 33 және 43 жастағы екі тұрғыны қамауға алынды. Оларға 8 дерек бойынша айып тағылып отыр.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев: "Күдіктілер ұрланған малды сатып, ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тінту барысында ұсталғандардың үйінен 200 келіге жуық тұтас ет, үйдің ауласынан екі құлынды бие және ұрланған малдардың терісі тәркіленді. Барлық дерек «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір бұл кісілер Үржар АПБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды" деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации