Түркістандықтар заңсыз қаруын тапсырып жатыр

02 июля, 19:36

Фото: google.com

Түркістан облысында тұрғындар тіркелмеген қаруларын тапсыра бастады. Аталмыш акция еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн-форматта өтуде.

Алматы, NEGE. Акцияның алғашқы күнінің өзінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар 31 қаруын өткізген.

Оның ішінде 29-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, қалғандары ойық ұңғылы және шолақ мылтық бар.

Мәселен, Сайрам ауданының тұрғыны өзінің атасынан қалған 2 бірдей 12 және 16 калибрлі аңшы қаруларын өз еркімен тапсырған.

Қазіргі уақытта бұл қарулар сараптамаға жіберіліп, бұл азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданған.

«Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Биылғы жылы іс-шара онлайн режимге ауыстырылса да, тұрғындардың белсенділігі байқалады. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, «102« нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – дейді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации