Тағы да атыс...

11 августа, 21:19

Фото: google.com

Атырауда атыс қаруымен адам өлтірген 36 жастағы азамат ұсталды.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.

«Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтады. 1994 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындаған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) жүргізілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации