«OQY'SHYNY QOLDA!» акциясы басталады

11 августа, 18:49

Фото: google.com

Мектеп оқушыларына қашықтан оқуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканы сатып алуға арналған «OQY'SHYNY QOLDA!» Республикалық қайырымдылық акциясы басталады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мектепке жол» қоғамдық қозғалысы аясында «OQY'SHYNY QOLDA!» Республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Акция компьютерлік техниканы, ноутбуктерді, планшеттерді сатып алуға және оны қайтарымды негізде мұқтаж студенттерге беруге бағытталған. Компьютерлік жабдық демеушілер, меценаттар, еріктілер арқылы сатып алынады. Акция сонымен қатар, балалар мен жекелеген санаттағы отбасыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Есенғазы Иманғалиев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации