Онлайн білім беретін платформалар бірігіп жатыр

16 сентября, 19:27

Фото: google.com

Мектеп оқушыларына арналған «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформалары бірігіп жатыр. 

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында білім беру платформаларын біріктіруге қатысты сұрақ қойылды.

Өз кезегінде «Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев қазіргі кезде жүйені қолданушылар үшін платформаның көптігі қолайсыздау болып тұрғанын жеткізді.

«Орташа есеппен бір мектепте 4-5 платформа бар. Мұғалімдер мен оқушылар әр платформаның логині мен құпия сөзін есте сақтауы керек. Бұл өз кезегінде ыңғайсызду болып отыр. Осы орайда «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформасы бірігіп, интеграция жасап жатырмыз. Ол қазан айының басында дайын болады. Бұл интеграция бізге және желіні қолданушыларға не береді? Осы ретте бір логин әрі құпия сөзбен «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформасына бірден кіруге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Е. Оңалбаев.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта «Daryn.online» платформасында бейне сабақтарды көріп болған соң, тест орындалады. Сонда жиналған ұпайлар Kundelik.kz платформасында көрініп тұрады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации