Нәрестелерге қандай есім көп қойылып жатыр?

11 августа, 20:52

Фото: google.com

Қалалық статистика департаменті нәрестелер арасында ең танымал есімдерді атады.

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім Рамазан (97) болса, одан кейін Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тіркелген.

Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастағанын көрсетеді. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби.

Жаңа туған қыз балалар арасында ең танымал Медина (150)есімі болса, топ 5-ке кіретін есімдер: Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105). Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айтында 14 123 бала дүниеге келді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации