Мұнай бағасы инвесторлар үшін тиімсіз бе?

17 ноября, 12:39

Фото: ғаламтордан

Мұнай бағасы инвесторлар үшін тиімсіз болып тұр.

Алматы, NEGE. Инвесторлар мұнай-газ секторнына емес, түрлі технологияларға қаржы құя бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қара алтын құны қымбаттағанымен, саладағы жағдай әлі де күрделі. Қазір бір баррель 43 доллар тұрады. Бірақ бұл инвесторлар үшін тиімсіз. Мұнай секторына қаржы құю үшін фьючерстердің бағасы 50 доллардан жоғары болу керек. Ал отандық мұнай өндірушілерге қызмет көрсететеін компаниялардың жағдайы қандай? Инвесторлар өз қаражатын 5-15 жылда қайтарып алғысы келеді. Бірақ қазіргідей бағалармен мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан саладағы жағдайдың тұрақталуы үшін әлі бірнеше жыл керек. 

 Мұнай сервистік компанияларға сұраныс 2022 жылы жанданады Мұнай өндірушілерге сервистік қолдау көрсететін компаниялардың қызметтеріне сұраныс тек 2022 жылы қайта жанданады. Бұл туралы Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді. Саланы дамыту жөніндегі болжамымен бөліскен ол келер жылға үміт артудың қажеті жоқ екенін айтты. Себебі 2021 жыл үнемдеу режимінде өтеді. «Бұған қоса қара алтын құны жақын арада көтерілуі екіталай. Мұнай арзандағандықтан, өндірушілер шығындарын азайтып жатыр. Оның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеуді кейінге қалдырып, ұңғымаларды консервациялайды. Тіпті бұрғылаудан бас тартқандар бар. Нәтижесінде оларға қызмет көрсететін компаниялардың тапсырыстары жоқ», – дейді сарапшы. Бірақ қызметкерлерге жалақы төленеді. Бұл шамамен 90 мың адам. Болжам бойынша сала мамандарына сұраныс тек екі жылдан кейін жанданады. Дегенмен техника тозады. Сондықтан операторлар кәсіпорындарда жабдықтарды жөндеуге мәжбүр болады. Рашид Жақсылықовтың айтуынша, қазір басты міндет – табыс табу емес, кадрларды сақтап қалу және саланы қолдау. Себебі бір маманды дайындауға 5-6 жыл кетеді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации