Министр градусниктер жетіспеушілігін жоққа шығарды

02 июля, 18:57

Фото: google.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәріханаларда градусниктердің жетіспеушілігін жоққа шығарды.

Алматы, NEGE. «Жалпы градусниктер біздің нарықта жетеді. Бөлшектік желіде де баршылық. Ауқымды дефицит пен дүрбелең сынапты градусниктерге қатысты туындап отыр. Қазір нарықта баламалы нұсқалар жетерлік», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Қандай да бір талаптарды қойып отырған ұйымдармен жұмыс жүргізіп, олардың мәселесімен айналысып жатырмыз», – деді ведомство басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации