Қуат Найман: «Мені ешкім «сындырған» жоқ, сөзімді қайтып алмаймын!»

16 сентября, 11:11

Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов райынан қайтпағанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Instagram-дағы парақшасына жаңадан орналастырған тағы бір видеода спортшы өзінің 25 қыркүйекте Мәскеуде өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқанын айтады. Содан соң:

«Менің алдымдағы сөзіме келетін болсақ, ешкімді ұрудың қажеті жоқ, әрине, ешкімге оқ атуға болмайды, өйткені мұны кез келген есі дұрыс адам әзіл ретінде айтылғанын айтпаса да жақсы түсінеді. Дегенмен мен сол сөздерімді қайтарып алмаймын, мағынасы сол күйінде қалады. Біздегі дезинфекция дұрыс жасалатынына әлі де менің күмәнім бар. Менің негізі айтпағым осы болатын. Ал кейбір адамдар мұны терроризм, экстремизм деп жаңсақ түсініп қалған. Бұл, тіптен олай емес. Осы арасынан басқа сөздерімнен бас тартпаймын. Менің тарапымнан ешқандай экстремизм-терроризм деген жоқ, ол тіпті ақылға сыймайтын нәрсе. Өйткені мен әрдайым халқыммен біргемін, әрқашан бейбіт өмірді қолдаймын. Маған алаңдап, қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет!», – дейді Хамитов видеода.

Ал видео жанына «Ешкім ешкімді «сындырған жоқ», сындыра да алмайды» деп жазды.

Айта кетсек, алдында желіде Қуат Найманның жұртты көшедегі дизенфекция жасаушыларды ұрып-соғып, ал көкте дәрі сеуіп жүрген тікұшақты байқағандарға, оны атуға шақырған үндеу видеосы жарияланған еді. Содан кейін ол тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Алматы полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек желіде тағы бір видео жарияланды, онда спортшы алдындағы атышулы видео қалжың үшін түсірілгенін айтады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации