Карантин неге екі апта?

02 июля, 20:03

Фото: google.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде не себепті екі апталық карантин енгізу шешімі жасалғанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. «Бірнеше нұсқа пысықталды. Неліктен екі апталық карантинді таңдадық? Біріншіден, халық арасында вирустың таралуын барынша азайту мақсат етіп қойылды. Екіншіден, инкубациялық кезең екі аптаны құрап отыр. Ол маңызды мерзім және оны ескеру керек болды. Осы орайда тиісті ескерту жасадық», – деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол екі апталық карантиннен кейін қатаң шараларды қабылдау туралы тиісті мәселе көтерілсе, онда қажетті күшейтілген шаралар енгізілуі мүмкін екенін айтты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации