Тоғжанов вирусты жеңудің жолын айтты

02 июля, 18:41

Фото: google.com

Қазіргі қабылданған шешімнің жүзеге асуы әр азаматқа тікелей баланысты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. 

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы берілді. Коронавирусқа байланысты күрделенген мәселелерді шешу бойынша жолдар айқындалды. Сондықтан індетке қатысты баршамыз бірдей жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Басында коронавирусқа сенбеген кездер болды. Осы күмәннің бәрі артта қалды деп айтуға толықтай негіз бар деп ойлаймын. Қазіргі қабылданған шешімнің жүзеге асуы әр азаматқа тікелей баланысты», – деді Е.Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол халықтан карантин шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

«Осы бағытта дұрыс түсініп, атқарылатын шараларда бір-бірімізді толықтай қолдайтын болсақ, індетті жеңуге болады», - деді Үкімет басшының орынбасары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации