Елордада ана мен бала өлімі азайды

31 июля, 13:16

Фото: google.com

Бүгін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алқасының онлайн-отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят, қаладағы медициналық ұйым басшылары қатысты.

Жиыннан мәлім болғанындай, 2020 жылғы қаңтар-маусымда елордада ана өлімі 7,2%, нәресте өлімі 1,3% төмендеді.

Сонымен қатар неонатальды өлімнің (-1,5%) және бес жасқа дейінгі балалар өлімінің (3%) төмендеуі байқалады.

«Нұр-Сұлтанда сәби өлімі азайды. Бірақ бұл босаңсуға себеп емес. Жұмысты жақсарту қажет», – деді жиында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации