Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгеге де жетпейді

14 января, 16:49

Фото: liter.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 млрд теңге және ынтымақты зейнетақыға 1 721,5 млрд теңге төленді, деп хабарлайдыinbusiness.kz.

Алматы, NEGE. «2020 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 211,7 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 65,6 млрд теңге, 1998 жылға дейін жұмыс істегендерге берілетін зейнетақыны төлеуге – 146,1 млрд теңге бағытталды», – деп жазылған хабарламада. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде зейнет жасындағылар саны 2 млн 247 мың адамды құрайды. Осылайша қарттарға төленетін орташа зейнетақы мөлшері 94 733 теңгеге жеткен. Бұл – базалық зейнетақы төлемін қосқандағы сома.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации