Елімізде коронавирусты емдеу тәсілі өзгереді 

30 июня, 20:50

Фото: 24.kz

«Коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу» клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Хаттаманың оныншы нұсқасын әзірлеушілер COVID-19-ды жұқтырған, бірақ халі орташа деңгейдегі науқастарға препараттарды амбулаторлық жағдайда қолдану ұсынысын құптаған. Бұл үшін құжатқа амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылды. Бұдан бөлек, енді емделушілер стационар кезінде Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеуде кеңінен қолданылған «Фавипиравир» дәрісін ала алады. Ал ауыр өкпе қабынуы кезінде дексаметазон препараты қолданылатын болады. Сондай-ақ пациенттің үш тәулікте дене қызуы көтерілмесе, респираторлық симптомдар азайса, компьютерлік томография барысында өкпесі сау болса, науқас амбулаторлық емдеуге ауыстырылады. Одан кейінгі ем үй жағдайында жалғаспақ. Хаттаманың 10-шы нұсқасы таяуда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации