Депутаттар тұрғын үй бағдарламаларының аясын кеңейтуді ұсынды

15 октября, 17:53

Фото: 24.kz

Бүгінгі жиында баспана мәселесі де талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Сенат вице-спикері Асқар Шәкіров пен депутат Ләззат Сүлеймен елдегі ахуалды негізге ала отырып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Онда әлеуметтің әлсіз тобына жататын азаматтардың ипотекалық бағдарламаларға қолы жете бермейтіні жазылған. Осыған байланысты Сенат депутаттары кей тұрғын үй бағдарламаларының аясын кеңейтуді ұсынды. Мәселен, қазір тұрғындардың басым көпшілігі жүгінетін «7-20-25» бағдарламасы тек жаңадан салынған тұрғын үйлерге қатысты. Депутаттар «екінші нарықтан сатып алуға рұқсат ету арқылы жобаны бұрынғыдан да тиімді етуге болады», дейді. Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген кезде одан пәтер табу қиын. Себебі бастапқы тұрғын үй нарығы алып-сатарлар қызметінің обьектісі. Олар бір уақытта бірнеше пәтер сатып алады. Осыған байланысты азаматтар тұрғын үйді алдын ала брондау шартымен сатып алуға мәжбүр. Бұл азаматтарға қосымша шығындарға алып келеді. Яғни бағдарламада мемлекет тарапынан көзделген 20% бастапқы жарна 30%-ке өседі. Осыған байланысты «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді екінші нарықтан алуға рұқсат ету арзан әрі тиімді болар еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации