Дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқандар ұсталды

01 августа, 13:26

Фото: google.com

Криминалдық полиция қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы дәрі-дәрмек сататын алыпсатарларды анықтады.

Алматы, NEGE. «Сарыарқа ауданының полицейлері елде тапшы дәрі-дәрмектерді саудалап келген қаланың екі тұрғынын ұстады.

41 жастағы әйелден «Клексан 4000» препараты, «Ксарелто Ривароксабан», «Гепарин» және «Фраксипарин» тәркілеген. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 150 мың теңгеден асқан», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации