Ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

01 августа, 08:46

Фото: google.com

Қазақстанның тағы 3 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 тамыздаТүркістан облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан қаласында және таңертеңнайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

Шымкентте кей уақыттанайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында +35-38 градус аптап ыстық болады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Батыс-Қазақстан облысыныңкей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Оңтүстікте +37 градус аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации