Алматыдағы кейбір көшеде ыстық су болмайды

02 июля, 19:12

Фото: google.com

Алматының Жетісу ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Алматы, NEGE. «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Жетісу ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру бір түнге тоқтатылады.

«Шілденің 3 күні кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 8:00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан Райымбек - Гончаров - Рысқұлов - Казаков - Бродский көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады», – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации