8 өңірде ескерту жарияланды

11 августа, 20:05

Фото: google.com

Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды. 

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 12-13 тамыз күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.

12 тамызда Ақмола облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. Жекелеген аумақтарда найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Өскемен қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерде найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации